Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: кем дегенде 15 адам көз жұмды

Ұшақта Орталық банкке жеткізілуі тиісті ақша болған
Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Боливиядағы тас жолда болған ұшақ апатынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Unitel телеарнасына сілтеме жасап.
"Өрт сөндірушілер 15 адамның қаза тапқанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Бір аурухана он адамның жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы ұшақ соқтығысқан көліктерде болған.
Боливия әскери-әуе күштерінің C-130 Hercules ұшағы жұма күні апатқа ұшырады. Ұшақ Эль-Альто қаласындағы жолға құлап, бірнеше көлікке соғылғаны туралы хабарланған болатын.
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Боливияның Бас азаматтық авиация басқармасының (DGAC) директоры Хосе Антонио Фанола кейінірек ұшақ апатқа ұшырамағанын, керісінше қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Боливияның Орталық банкіне арналған жаңа банкноттарды жеткізіп жатқан.
Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады