https://sputnik.kz/20260228/boliviyada-askeri-ushaq-qozgalys-kop-zholga-qulady-kem-degende-15-adam-koz-zhumdy-61504075.html
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: кем дегенде 15 адам көз жұмды
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: кем дегенде 15 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Ұшақта Орталық банкке жеткізілуі тиісті ақша болған 28.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-28T11:53+0500
2026-02-28T11:53+0500
2026-02-28T12:03+0500
ұшақ
апат
көлік
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61498219_0:172:720:577_1920x0_80_0_0_4bd27c4c5b4c6f1b07a59db785046eca.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Боливиядағы тас жолда болған ұшақ апатынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Unitel телеарнасына сілтеме жасап.Бір аурухана он адамның жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы ұшақ соқтығысқан көліктерде болған.Боливия әскери-әуе күштерінің C-130 Hercules ұшағы жұма күні апатқа ұшырады. Ұшақ Эль-Альто қаласындағы жолға құлап, бірнеше көлікке соғылғаны туралы хабарланған болатын.Боливияның Бас азаматтық авиация басқармасының (DGAC) директоры Хосе Антонио Фанола кейінірек ұшақ апатқа ұшырамағанын, керісінше қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін мәлімдеді.Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Боливияның Орталық банкіне арналған жаңа банкноттарды жеткізіп жатқан.
https://sputnik.kz/20260225/qaragandy-oblysynda-zhoygysh-ushagy-apatqa-ushyrady-61437791.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61498219_0:105:720:645_1920x0_80_0_0_ae0b5ef0f0a59a81d4b156a1eac298b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, апат, көлік
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: кем дегенде 15 адам көз жұмды
11:53 28.02.2026 (жаңартылды: 12:03 28.02.2026) Ұшақта Орталық банкке жеткізілуі тиісті ақша болған
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Боливиядағы тас жолда болған ұшақ апатынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды
РИА Новости Unitel телеарнасына сілтеме жасап.
"Өрт сөндірушілер 15 адамның қаза тапқанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Бір аурухана он адамның жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы ұшақ соқтығысқан көліктерде болған.
Боливия әскери-әуе күштерінің C-130 Hercules ұшағы жұма күні апатқа ұшырады. Ұшақ Эль-Альто қаласындағы жолға құлап, бірнеше көлікке соғылғаны туралы хабарланған болатын.
Боливияның Бас азаматтық авиация басқармасының (DGAC) директоры Хосе Антонио Фанола кейінірек ұшақ апатқа ұшырамағанын, керісінше қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Боливияның Орталық банкіне арналған жаңа банкноттарды жеткізіп жатқан.