Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты

Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Алдын ала есептік деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысына келген туристер саны 500 мың адамнан асып, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш 2023-2024 жылдармен салыстырғанда тұрақты өсім бар екенін аңғартады.
"E-qonaq жүйесі бойынша 48 400 шетелдік турист тіркеліп, бұл көрсеткіш бір жылда екі есеге көбейген. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай және Қырғызстан мемлекеттерінен келген", - деп жазылған хабарламада.
Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 151,9 мың адамды құрап, 18,1 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштер киелі мекеннің ішкі және келу туризмі бойынша әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді.
Саяхатшыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан және Шымкент қалаларының әуежайлары арқылы әуе қатынастары кеңейтілуде. Қазіргі уақытта аптасына 147 рейс орындалады.
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен