Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

G7 елдері Ресей активтерінің есебінен Украинаға 43 млрд доллар аударды

Бұл Украинаға бөлінген жалпы соманың көлемін шамамен 43 миллиард долларға жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Биыл G7 Украинаға бұғатталған ресейлік активтерден түскен кірісті пайдаланып 3,8 миллиард доллар несие берді, деп хабарлайды РИА Новости Украина қаржы министрлігі мен ұлттық ведомстволардың деректеріне сүйене отырып.
Бұл Украинаға бөлінген жалпы соманың көлемін шамамен 43 миллиард долларға жеткізді.

"2024 жылы G7 елдері бұғатталған ресейлік активтерден түскен кірісті пайдаланып Украинаға шамамен 50 миллиард доллар несие беруді мақұлдады. Ақпан айының соңына дейін елдер осы схема бойынша Украинаға 42,7 миллиард доллар бөлді", - деп жазылған хабарламада.

Украина осы схема бойынша алғашқы 1 миллиард долларды 2024 жылдың соңында АҚШ-тан алды, дегенмен АҚШ содан бері Ресей активтерінен түскен кірісті пайдаланып Украина бюджетіне қаражат бөлген жоқ. "Жетілікт" қалған мүшелері Украинаға 2025 жылы 37,9 миллиард доллар, ал 2026 жылы 3,8 миллиард доллар жіберді.
Жалпы алғанда Канада Ресей активтерінен түскен кіріспен қамтамасыз етілген несиелер аясында 3,6 миллиард доллар берді, ал Жапония мен Ұлыбритания әрқайсысы шамамен 3 миллиард доллардан үлес қосты. Қалған 32 миллиард доллар Еуропалық Одақтан бағытталған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия Украинаға 90 млрд еуро көлемінде берілуге тиіс кредитті бұғаттады