Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаға 90 млрд еуро көлемінде берілуге тиіс кредитті бұғаттады

© Sputnik / Абзал КалиевПетер Сийярто
Петер Сийярто - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2026
Жазылу
Оған Киевтің ресейлік мұнайды "Дружба" құбыры арқылы транзиттеуді тоқтатуы себеп болды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Венгрия Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін және Еуропалық одақтың Украинаға 90 млрд еуро көлемінде беретін кредитін бұғаттады. Бұл туралы Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто мәлімдеді.
Оған Киевтің ресейлік мұнайды "Дружба" құбыры арқылы транзиттеуді тоқтатуы себеп болды.
Петер Сийярто Киев бұл шешімді ойдан шығарылған саяси себептермен қабылдағанын, ал техникалық тұрғыдан транзитті тоқтатуға негіз жоқ екенін айтты.
Бұған дейін Словакия премьер-министрі Роберт Фицо осындай себеппен Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға ниетті екенін хабарлаған.
Mandiner порталының мәліметінше, Украина билігі нысанның шабуылға ұшырауы салдарынан зақымданғанын алға тартып, тасымалды қайта бастамай отыр.
Нәтижесінде екі ел Хорватиядан санкциялардан шегініс жасап, ресейлік мұнайды теңіз арқылы жеткізуге рұқсат беруді сұраған.
Жаңалықтар
0