Ауылдарда 600-ден астам нысан жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылды
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Ауылдық елді мекендердегі 600-ден астам нысан интернет желісіне қосылды, деп хабарлады жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
"Қазіргі таңда жоба шеңберінде ауылдық елді мекендердегі 600-ден астам нысан интернет желісіне қосылды. Оның ішінде 330 ауылдағы 584 нысан спутниктік байланыс арналары арқылы интернетке қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, 14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылды.
Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп, цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған.
"Жалпы алғанда, жоғары жылдамдықты интернет 3 000-нан астам ауылдық елді мекенге жеткізіледі. 2027 жылдың соңына дейін тағы 3 000-нан астам ауылды магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу жоспарланған", - дейді министрлікте.
Нәтижесінде, үй шаруашылықтарын қосу мүмкіндігі бар ТОБЖ желісі еліміздің 4 786 ауылдық елді мекенінде қолжетімді болады.
Астанада интернет-алаяқтыққа қарсы жаңа тәсіл іске қосылды