Ауылдарда 600-ден астам нысан жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуҰялы байланыс желісі
Ұялы байланыс желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2026
Жазылу
14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Ауылдық елді мекендердегі 600-ден астам нысан интернет желісіне қосылды, деп хабарлады жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
"Қазіргі таңда жоба шеңберінде ауылдық елді мекендердегі 600-ден астам нысан интернет желісіне қосылды. Оның ішінде 330 ауылдағы 584 нысан спутниктік байланыс арналары арқылы интернетке қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, 14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылды.
Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп, цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған.
"Жалпы алғанда, жоғары жылдамдықты интернет 3 000-нан астам ауылдық елді мекенге жеткізіледі. 2027 жылдың соңына дейін тағы 3 000-нан астам ауылды магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу жоспарланған", - дейді министрлікте.
Нәтижесінде, үй шаруашылықтарын қосу мүмкіндігі бар ТОБЖ желісі еліміздің 4 786 ауылдық елді мекенінде қолжетімді болады.
Руки в наручниках на клавиатуре, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Астанада интернет-алаяқтыққа қарсы жаңа тәсіл іске қосылды
Жаңалықтар
0