АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 6,9 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" жергілікті басылымы.
Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ерболат Омаров брифингте айтты.
Бұдан басқа, Атырау облысының экология департаменті кәсіпорынға қатысты тексеру жүргізеді, оның қорытындылары жақын арада жарияланады.
Алайда зауыт өз кінәсін жоққа шығарып, айыппұл туралы сотқа шағымданды.
Зауытты тексеруге қаңтар айының соңында күкіртті сутегі мен көміртегі тотығы шығарындыларының нормадан 36 есе асып кетуі себеп болған.