Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский үшжақты келіссөз қашан өтуі мүмкін екенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский елдегі қақтығысқа байланысты Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кездесу осы аптада немесе он күн ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Бізде үшжақты формат болады. Осы аптада, болмаса он күннің ішінде өтеді деп ойлаймын", – деді Зеленский. Оның сөзін ТСН телеарнасы келтірді.
АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф 22 ақпанда үш апта ішінде келіссөз өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ басшысы Дональд Трамп және Украина президенті Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуіне жол ашуы ықтимал.
Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздің кезекті раунды 17–18 ақпанда Женева қаласында өтті. Ресей делегациясының басшысы, РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский оның қорытындысы бойынша жуырда жаңа кездесу өтетінін мәлімдеді.
Ал Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров келіссөз барысында белгілі бір ілгерілеу болғанын атап өтті.