АСТАНА, 25 ақпан - Sputnik. Алматыда бір тәулікте 22 см қар жауды. 4 мыңнан астам жол маманы қаланы қардан тазартып жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.
24 ақпан сағат 9:00-ден бастап Алматыда қар тоқтаусыз жауып жатыр. Қалаға жауған қардың қалыңдығы 22 сантиметрден асты. Бұл айлық норманың 56%-ы.
"Қар толассыз жауып жатқан кезде жолды толықтай құрғақ әрі таза күйде ұстау мүмкін емес. Тазартылған аумақты қайтадан қар басады', - дейді Алматы қалалық әкімдігінде.
Қазіргі күшейтілген режимде:
75 жедел бригада
4 мыңнан астам жол қызметкері
1 250 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр
магистральды көшелерде 203 аралас жол машинасы жұмылдырылған.
Негізгі көшелерде көктайғаққа қарсы материалдар күндіз-түні себіліп жатыр.
Түнгі уақытта техника барынша тиімді жұмыс істейді. Күндіз көліктің көптігіне байланысты тазалау жұмыстары күрделене түседі. Соған қарамастан жұмыс бір сәтке де тоқтаған жоқ, дейді әкімдікте.