Қостанайда экологияға залал келтіргендерден 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

Былтыр табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңсыздыққа алып келген 21 қызметтің жолын кесті
Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында экология саласындағы заң бұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіліп жатыр.
Былтыр табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңсыздыққа алып келген 21 қызметтің жолын кесті. Нәтижесінде мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
"Атап айтқанда, Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында "Групп Строй Сервис" ЖШС қажетті рұқсатсыз бетон зауыты мен асфальт араластырғыш қондырғының жұмысы ұйымдастырылды", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.
Кассациялық алқаның 2026 жылдың 15 қаңтарындағы қаулысымен компанияға құқыққа қарсы қызметке тыйым сала отырып, 5,4 млн теңге айыппұл салынды.
Айыппұлдың мөлшерін анықтау кезінде сот шығарындылардың екі көзі заңсыз жұмыс істегенін ескерді.
Экологиялық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр, дейді прокурорлар.
Былтыр блогерлерден 500 млн теңге салық өндірілді