https://sputnik.kz/20260216/byltyr-blogerlerden-500-mln-tenge-salyq-ondirildi--61206732.html
Былтыр блогерлерден 500 млн теңге салық өндірілді
Былтыр блогерлерден 500 млн теңге салық өндірілді
Sputnik Қазақстан
850-ге жуық адам салық төлеуден жалтарған 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T14:25+0500
2026-02-16T14:25+0500
2026-02-16T14:25+0500
блогер
салық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703043_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_48bdee7cd317278e1991f25874b9b0f7.jpg
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 850-ге жуық блогерлерден шамамен 500 млн теңге салық өндіріп алды. Олар түскен табыстан салық төлеуден жалтарған, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шынберген "24KZ" телеарнасына берген сұхбатында. Егер камералдық бақылау нәтижелері туралы хабарлама орындалмаса, комитет салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте табыс тек ақшалай қаражат қана емес, кез келген мүлік немесе сыйлық та табысқа жатады, деп түсіндірді Шынберген. "Тиісінше, олар салық төлеу қажет. Біз негізінен жарнаманы орналастыру фактілеріне назар аударамыз, өйткені блогерлер көбінесе жарнамадан кіріс алады. Жалпы, табыс алу мақсатында орналастырылған әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды біз міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырамыз", - деп атап өтті ол. Түрлі мемлекеттік органдар мен банктерден алынған ақпарат талданып, декларациялармен салыстырылады, деп түсіндірді Ерқанат Шынберген. Егер деректер декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, яғни салықтарды төлемеу немесе кірістерді төмендету фактілері анықталса, камералдық бақылау нәтижелері бойынша азаматқа хабарлама жіберіледі. Хабарламаны орындаудың екі әдісі бар. Біріншісі - декларациядағы сомаларды көрсету және тиісті салықты төлеу. Екінші әдіс - егер салық төлеуші аталған бұзушылықтармен келіспесе, олар түсініктеме мен дәлелдемелер ұсына алады. Оған 30 күн беріледі, дейді МКК департаменті директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шынберген.
https://sputnik.kz/20250519/blogerler-qazynaga-qansha-salyq-toledi--songy-esebi-zhariyalandy-53682301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703043_430:0:2681:1688_1920x0_80_0_0_507f16c2b44dd6f489471d4e231c081e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, салық
Былтыр блогерлерден 500 млн теңге салық өндірілді
850-ге жуық адам салық төлеуден жалтарған
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 850-ге жуық блогерлерден шамамен 500 млн теңге салық өндіріп алды. Олар түскен табыстан салық төлеуден жалтарған, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шынберген "24KZ" телеарнасына берген сұхбатында.
"Өткен жылы 2022-2023 жылдарға камералдық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азамат камералдық бақылауға алынды, олардың арасында, әрине, блогерлер де болды. Олардың саны шамамен 850 адам. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді", - деді Ерқанат Шынберген.
Егер камералдық бақылау нәтижелері туралы хабарлама орындалмаса, комитет салықтық тексеру жүргізеді.
"Оның қорытындысы бойынша бізде жеке шоттан қаражатты есептен шығаруға дейін салықты өндіріп алу мүмкіндігі бар. Салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да бар. Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес шаралар көзделген. Бірінші бұзушылық үшін ескерту жасалады", - деді ол.
Бұл ретте табыс тек ақшалай қаражат қана емес, кез келген мүлік немесе сыйлық та табысқа жатады, деп түсіндірді Шынберген.
"Тиісінше, олар салық төлеу қажет. Біз негізінен жарнаманы орналастыру фактілеріне назар аударамыз, өйткені блогерлер көбінесе жарнамадан кіріс алады. Жалпы, табыс алу мақсатында орналастырылған әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды біз міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырамыз", - деп атап өтті ол.
Түрлі мемлекеттік органдар мен банктерден алынған ақпарат талданып, декларациялармен салыстырылады, деп түсіндірді Ерқанат Шынберген.
Егер деректер декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, яғни салықтарды төлемеу немесе кірістерді төмендету фактілері анықталса, камералдық бақылау нәтижелері бойынша азаматқа хабарлама жіберіледі.
Хабарламаны орындаудың екі әдісі бар. Біріншісі - декларациядағы сомаларды көрсету және тиісті салықты төлеу. Екінші әдіс - егер салық төлеуші аталған бұзушылықтармен келіспесе, олар түсініктеме мен дәлелдемелер ұсына алады. Оған 30 күн беріледі, дейді МКК департаменті директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шынберген.