Ертең елдің барлық өңірінде сиреналар іске қосылады

Көктем-2026 ұлттық командалық-штабтық жаттығуы өтеді.
Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ертең елдің барлық өңірінде сиреналар іске қосылады, деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі.
2026 жылдың 25-27 ақпанында еліміздің барлық өңірінде "Көктем-2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шара 2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайындағы құтқаруға дайындық жұмыстарына арналған.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде үш күн бойы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлеріндегі барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналар қосылатын болады", - деп жазылған хабарламада.
Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, дедйі құтқарушылар.
"Сирена қосылады": Бірқатар өңірде сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді