"Сирена қосылады": Бірқатар өңірде сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді

© Sputnik/Ертай СарбасовСейсмотренировка в Алматы
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Оқу-жаттығуда авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетіледі
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. 23-24 шілдеде елімізде "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.
"24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі", - делінген министрлік хабарламасында.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.
Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетіледі.
Виды Алматы зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Алматыда мектептерді сейсмикалық күшейтуге қаржы бөлінеді
Жаңалықтар
0