Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды

Науқас 10 күнге жуық комада болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Бурабайға демалуға барып, квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
"Науқас комада болды. 23 ақпанда таңертең қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетейік, 26 жастағы қыз квадроциклмен ағашқа соғылып, ауыр жарақат алған. Ол 14 ақпанда ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан дәрігерлер ота да жасай алмаған. Ал полиция демалыс аймағындағы барлық техниканы тексеруге кіріскен.
Бурабайда демалушы квадроциклмен апатқа ұшырады: полиция көліктерді тексеруді бастады