https://sputnik.kz/20260217/burabayda-demalushy-kvadrotsiklmen-apatqa-ushyrady-politsiya-kolikterdi-tekserudi-bastady-61223065.html
Бурабайда демалушы квадроциклмен апатқа ұшырады: полиция көліктерді тексеруді бастады
Бурабайда демалушы квадроциклмен апатқа ұшырады: полиция көліктерді тексеруді бастады
Sputnik Қазақстан
Полиция қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерге тексеріс жүргізіп жатыр 17.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-17T12:00+0500
2026-02-17T12:00+0500
2026-02-17T12:01+0500
бурабай
полиция
тексеріс
https://sputnik.kz/img/279/34/2793439_0:98:1920:1178_1920x0_80_0_0_9d08ba4a2a52e1683f11644f52bdccea.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында Бурабайда қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерге тексеріс жүргізіліп жатыр. Оған 26 жастағы қыздың апатқа түсуі себеп болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.14 ақпанда Бурабай кентінде квадроцикл жол апатына түсіп, салдарынан 26 жастағы қыз ауруханада ауыр жағдайда жатыр.Науқас қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.Ал облыстық полиция квадроциклдер мен қарда сырғанайтын көліктерді жаппай тексеріп жатыр."Демалыс аймақтарына, оның ішінде Бурабай курорттық аумағына ерекше назар аударылып жатыр. Шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Күшейтілген бақылау жұмыстарына қарамастан, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатыр", - дейді полицияда.Полиция қызметкерлері қарда жүретін көліктер мен квадроциклдердің иелеріне техниканы, қорғаныс құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдауда қауіпсіздік талаптарын, ережелерді қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
https://sputnik.kz/20260115/mas-kuyinde-ustalgan-kolik-zhurgizushilerin-tekseru-tartibi-ozgrui-mumkin-60416203.html
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/279/34/2793439_110:0:1811:1276_1920x0_80_0_0_54d484827e77b93cecdc761d4927bfca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, полиция, тексеріс
бурабай, полиция, тексеріс
Бурабайда демалушы квадроциклмен апатқа ұшырады: полиция көліктерді тексеруді бастады
12:00 17.02.2026 (жаңартылды: 12:01 17.02.2026) Полиция қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерге тексеріс жүргізіп жатыр
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында Бурабайда қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерге тексеріс жүргізіліп жатыр. Оған 26 жастағы қыздың апатқа түсуі себеп болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
14 ақпанда Бурабай кентінде квадроцикл жол апатына түсіп, салдарынан 26 жастағы қыз ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр және қауіпті жағдайда. Апат салдарынан қыз көптеген ауыр жарақат алған. Бас сүйектері, бас сүйегінің негізі және бет қаңқасы сынған. Миы ауыр жарақаттанған. Қазір ол терең комада, тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің консилиумы, оның ішінде облыстық нейрохирургтар мен бейінді мамандар алған жарақаттарының ауырлығына және ауыр жағдайына байланысты науқасқа ота жасау мүмкін емес деген шешімге келген", - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Науқас қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал облыстық полиция квадроциклдер мен қарда сырғанайтын көліктерді жаппай тексеріп жатыр.
"Демалыс аймақтарына, оның ішінде Бурабай курорттық аумағына ерекше назар аударылып жатыр. Шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Күшейтілген бақылау жұмыстарына қарамастан, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатыр", - дейді полицияда.
Полиция қызметкерлері қарда жүретін көліктер мен квадроциклдердің иелеріне техниканы, қорғаныс құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдауда қауіпсіздік талаптарын, ережелерді қатаң сақтау қажеттігін еске салды.