Жамбыл облысындағы дауылдан кейін әкімдік нысандардың жай-күйін тексерді

Қатты жел 7 елді мекендегі 29 нысанның шатырын ұшырып әкеткен
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Тұрар Рысқұлов ауданына барып, қатты желден зардап шеккен нысандардың жай-күйін тексерді
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 21 ақпанында таңғы сағат 4:00-ден бастап аталған ауданда секундына 30 метрге дейін жеткен екпінді жел тіркелді.
Первый замакима Жамбылской области Нуржан Календеров ознакомился с последствиями урагана в районе Т.Рыскулова
Соңғы мәліметке сәйкес 7 елді мекендегі 29 нысанның шатыры ұшқан. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылған.
Электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар нысан бойынша нысаналы төтенше жағдай жарияланды.
Меркі ауданында да қатты жел салдарынан 5 ауылдық округтегі 27 тұрғын үйдің шатыры ішінара зақымданған. Сонымен қатар 5 білім беру нысанының шатыры мен сыртқы қасбеті бүлінген. 8 ауылдық елді мекенде электр жарығы сөнсе, 3 елді мекенде газ желілеріне зақым келген.
Первый замакима Жамбылской области Нуржан Календеров ознакомился с последствиями урагана в районе Т.Рыскулова
Жалпы екі ауданда да зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Қазіргі таңда дауыл салдарынан келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде.
Нұржан Календеров жұмыс сапары барысында жедел штаб отырысын өткізіп, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандары әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
Первый замакима Жамбылской области Нуржан Календеров ознакомился с последствиями урагана в районе Т.Рыскулова
Өңір басшысының бірінші орынбасары ең алдымен электр энергиясы мен көгілдір отынның толық әрі тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды тартуға ұсыныс беруді, құлаған ағаштар мен бүлінген шатырларды жедел тазалауды, зақым келген білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Жамбыл облысында қатты желден жарық пен газ өшіп қалды