https://sputnik.kz/20260221/zhambyl-oblysyndagy-dauyldan-keyin-akimdik-nysandardyn-zhay-kuyin-tekserdi-61353016.html
Жамбыл облысындағы дауылдан кейін әкімдік нысандардың жай-күйін тексерді
Жамбыл облысындағы дауылдан кейін әкімдік нысандардың жай-күйін тексерді
Sputnik Қазақстан
Қатты жел 7 елді мекендегі 29 нысанның шатырын ұшырып әкеткен 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T20:02+0500
2026-02-21T20:02+0500
2026-02-21T20:02+0500
жамбыл облысы
жел
дауыл
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61348807_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_d36e7733aa588ea9fc6c5cd3ca1e101f.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Тұрар Рысқұлов ауданына барып, қатты желден зардап шеккен нысандардың жай-күйін тексердіЕске сала кетейік, 2026 жылдың 21 ақпанында таңғы сағат 4:00-ден бастап аталған ауданда секундына 30 метрге дейін жеткен екпінді жел тіркелді.Соңғы мәліметке сәйкес 7 елді мекендегі 29 нысанның шатыры ұшқан. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылған.Электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталуда.Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар нысан бойынша нысаналы төтенше жағдай жарияланды.Меркі ауданында да қатты жел салдарынан 5 ауылдық округтегі 27 тұрғын үйдің шатыры ішінара зақымданған. Сонымен қатар 5 білім беру нысанының шатыры мен сыртқы қасбеті бүлінген. 8 ауылдық елді мекенде электр жарығы сөнсе, 3 елді мекенде газ желілеріне зақым келген.Жалпы екі ауданда да зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.Қазіргі таңда дауыл салдарынан келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде.Нұржан Календеров жұмыс сапары барысында жедел штаб отырысын өткізіп, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандары әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.Өңір басшысының бірінші орынбасары ең алдымен электр энергиясы мен көгілдір отынның толық әрі тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды тартуға ұсыныс беруді, құлаған ағаштар мен бүлінген шатырларды жедел тазалауды, зақым келген білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
https://sputnik.kz/20260221/zhambyl-oblysynda-qatty-zhelden-zharyq-pen-gaz-oship-qaldy-61336990.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61348807_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_f8434f4aa134d763c3cabe33ea4d552d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жел, дауыл
жамбыл облысы, жел, дауыл
Жамбыл облысындағы дауылдан кейін әкімдік нысандардың жай-күйін тексерді
Қатты жел 7 елді мекендегі 29 нысанның шатырын ұшырып әкеткен
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Тұрар Рысқұлов ауданына барып, қатты желден зардап шеккен нысандардың жай-күйін тексерді
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 21 ақпанында таңғы сағат 4:00-ден бастап аталған ауданда секундына 30 метрге дейін жеткен екпінді жел тіркелді.
Соңғы мәліметке сәйкес 7 елді мекендегі 29 нысанның шатыры ұшқан. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылған.
Электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар нысан бойынша нысаналы төтенше жағдай жарияланды.
Меркі ауданында да қатты жел салдарынан 5 ауылдық округтегі 27 тұрғын үйдің шатыры ішінара зақымданған. Сонымен қатар 5 білім беру нысанының шатыры мен сыртқы қасбеті бүлінген. 8 ауылдық елді мекенде электр жарығы сөнсе, 3 елді мекенде газ желілеріне зақым келген.
Жалпы екі ауданда да зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Қазіргі таңда дауыл салдарынан келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде.
Нұржан Календеров жұмыс сапары барысында жедел штаб отырысын өткізіп, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандары әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
Өңір басшысының бірінші орынбасары ең алдымен электр энергиясы мен көгілдір отынның толық әрі тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды тартуға ұсыныс беруді, құлаған ағаштар мен бүлінген шатырларды жедел тазалауды, зақым келген білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.