Қостанайда жасөспірім террористік акт туралы жалған хабарлама таратқан

Балаға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қостанайда жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Ол сауда орталықтарының бірінде террорлық шабуыл туралы жалған хабарлама таратқан.
"Істі қарау нәтижелері бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға пробациялық бақылау белгілеп, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Сондай-ақ полиция қазақстандықтарға террористік акт туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.
Атырауда мектептердегі террористік акт туралы хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр