Атырауда мектептердегі террористік акт туралы хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Қала әкімдігі құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Атырау мектептерінде террористік шабуылдар болатыны туралы ақпарат дүрбелең тудырды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала билігінің мәліметінше, бұл ақпаратқа қатысты полиция тергеуді бастаған. Авторларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін айып тағылады.
"26 қаңтардан бастап құзыретті органдармен бірлесіп, біз оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын жерде полиция жасағының санын көбейту арқылы үздіксіз жұмыс жүргізіп келеміз", - деп толықтырды әкімдік.
Оқушылар штаттық режимде оқып жатыр, полиция және басқа да құзыретті органдар тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, делінген хабарламада. 50 мыңға жуық ақтөбелік бала лаңкестік шабуыл қаупіне байланысты мектепке бармады.
"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызу үшін жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және сабыр сақтауын сұраймыз", - дейді әкімдіктегілер.
Полицейлер Ақтөбе мектептерінде террористік акті туралы айтқан адамды тапты. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, дейді ведомство.
Бұған дейін осындай қауіп-қатерлерге байланысты Ақтөбедегі он мыңдаған оқушы сабаққа қатысқан жоқ.
Учитель в классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Ақтөбені дүрліктірген ақпараттан кейін 50 мыңға жуық оқушы мектепке бармай қойды
Жаңалықтар
0