Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы бойынша бірлескен жаттығу өткізіп жатыр

Ол 20 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы бойынша бірлескен жаттығу өткізіп жатқанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жоспарлы әскери жаттығу 20 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады.
Ол екі елдің әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкесөткізіледі.
"Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған әуе кемелерін ұстап қалу, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталып жатыр. Іс-шара жоспарлы сипатқа ие және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік машығын және дайындығын арттыруға бағытталған", — делінген министрлік хабарламасында.
Осыған байланысты министрлік азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауын сұрады.
Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестіреді