Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестіреді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАллею вечной дружбы между Казахстаном и Россией открыли в Астане
Аллею вечной дружбы между Казахстаном и Россией открыли в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Мұндай шешім Тоқаев пен Путин Мәскеуде қол қойған Декларациядан туындап отыр
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей халықаралық ұйымдардағы қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестіруге міндеттенді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Мәскеуде өтіп жатқан "Валдай" халықаралық пікірталас клубының конференциясы алаңында Қазақстан президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының медиа жобалар бөлімінің басшысы Жанар Төлендинова хабарлады.
Ол Декларацияда жасанды интеллект пен ғарыш саласындағы қауіпсіздік мәселелері де қарастырылғанын атап өтті. Төлендинова елдегі алғашқы АЭС жобасына да тоқталды:
"Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобасы ғана емес, сонымен қатар технологияларды трансферлеу мүмкіндігі", – деді ол.
Мәскеуде "Еуразиядағы қауіпсіздік: тұжырымдамадан тәжірибеге дейін" деген тақырыпта Валдай халықаралық пікірталас клубының конференциясы өтіп жатыр.
Баннер Международного дискуссионного клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
"Валдай" конференциясында Еуразия қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Жаңалықтар
0