Қазақстанның әуе кеңістігіне белгісіз АҚШ ұшағы кіріп кетті

Flightradar сервисі белгісіз ұшақты анықтаған
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Америкалық әуе кемелерінің бірі Мурманск облысының әуе кеңістігі арқылы Ресей аумағына кірген, деп хабарлайды ТАСС.
Бортты Flightradar анықтады, бірақ ұшақтың тіркеу нөмірін немесе қай елге тиесілі екенін көрсетпейді.
Flightradar сервисі
"Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Вашингтон маңындағы АҚШ теңіз авиациясының Эндрюс авиабазасынан ұшып шығып, Гренландия, Норвегия және Финляндияның әуе кеңістігін кесіп өтті. Әуе кемесі Мурманск облысы арқылы Ресейге кіріп, кейін оңтүстікке қарай Ресей-Қазақ шекарасына қарай бет алды", - деп хабарлады ақпарат агенттігі.
Астана уақыты бойынша сағат 11:10-дағы жағдай бойынша ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінде болды.
Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды