Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды

© Photo : Пресс-служба АО "Самрук-Казына"Самолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Жазылу
Рейс кейінге қалдырылды
АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Air Astana компанияның ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды, деп хабарлайды әуе компаниясы.
Ұшақ 8 қаңтарда Сеул - Астана KC 210 рейсін орындаған.
"Ұшақ техникалық себеппен – барлық дәретхана бөлмесінен ақау шығуына байланысты Бейжің әуежайына мәжбүрлі түрде қонды", - деп жазылған хабарламада.
Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:25-те ұшып, 11:50-де қауіпсіз жерге қонды.
"Әуе компаниясы ақаулықты жою үшін қосалқы бөлшекті күтіп жатыр. Осыған байланысты рейс жергілікті уақыт бойынша 01:00-ге ауыстырылды", - дейді Air Astana.
Қытай визасын қажет етпейтін жолаушылардың көпшілігі қонақ үйде орналасқан. Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалды, оларға тамақ пе н көрпе берілген.
"Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп жазды Air Astana компаниясы.
Жаңалықтар
0