АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат әлеуметіік желіде тарады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.", - деді комитетте.
Жақсылық Омар 2018 жылдан 2024 жылға дейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.