https://sputnik.kz/20250912/qostanayda-aleumettik-zhelidegi-areketti-qaytalagan-zhasospirim-tergeuge-alyndy-57019755.html
Қостанайда әлеуметтік желідегі әрекетті қайталаған жасөспірім тергеуге алынды
Қостанайда әлеуметтік желідегі әрекетті қайталаған жасөспірім тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауапкершілікке тартылады 12.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-12T16:50+0500
2025-09-12T16:50+0500
2025-09-12T16:50+0500
қостанай
жасөспірім
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_98c746ae48420a93d4f1a9da642a3dfe.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда LED-экрандағы видеоны рұқсатсыз өзгерткен жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қостанайда 14 жастағы мектеп оқушысы бір мекемеге тиесілі көше LED-экранын рұқсатсыз бұзып, онда әртүрлі әзілдер көрсеткен.Ол әлеуметтік желілерден көрген "лайфхакты" қайталап, жүйеге қол жеткізген.Алғашында бұл қылыққа өтіп бара жатқан жұрт күліп қарағанымен, нысан иелері мұндай әрекетті әзіл ретінде қабылдаған жоқ. Ұйым полицияға арыз түсіріп, киберқылмысқа қарсы бөлім мамандары жасөспірімді жедел анықтады.Интернетте жасалған зиянсыз әрекеттің өзі қылмыстық іске ұласуы мүмкін. Технология — ойыншық емес, ал цифрлық әзілдер үшін де шынайы жауап беруге тура келеді, деп ескертті полицейдер.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_75616f4ae71bb6724e98b1da1d987067.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, жасөспірім, қылмыс
қостанай, жасөспірім, қылмыс
Қостанайда әлеуметтік желідегі әрекетті қайталаған жасөспірім тергеуге алынды
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауапкершілікке тартылады
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда LED-экрандағы видеоны рұқсатсыз өзгерткен жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда 14 жастағы мектеп оқушысы бір мекемеге тиесілі көше LED-экранын рұқсатсыз бұзып, онда әртүрлі әзілдер көрсеткен.
Ол әлеуметтік желілерден көрген "лайфхакты" қайталап, жүйеге қол жеткізген.
Алғашында бұл қылыққа өтіп бара жатқан жұрт күліп қарағанымен, нысан иелері мұндай әрекетті әзіл ретінде қабылдаған жоқ. Ұйым полицияға арыз түсіріп, киберқылмысқа қарсы бөлім мамандары жасөспірімді жедел анықтады.
"Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал кәмелетке толмаған баланың ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауапкершілікке тартылады",- деп хабарлады полициядағылар.
Интернетте жасалған зиянсыз әрекеттің өзі қылмыстық іске ұласуы мүмкін. Технология — ойыншық емес, ал цифрлық әзілдер үшін де шынайы жауап беруге тура келеді, деп ескертті полицейдер.