АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Әнші Ерболат Құдайберген 15 тәулікке медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаменті.
Әншінің үстінен тұрғындар шағымданған.
"Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары көршісі агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы шағым түсірді. Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барды. Ақпарат расталды: азамат өзін-өзі бақыламайтын күйде болып, айналасындағыларға агрессия танытып, тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген", - дейді полиция.
Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық орналастырылды.
"Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданды. Ол бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - дейді Алматы полициясы.