https://sputnik.kz/20250725/zhubanysh-zheksenulyna-qatysty-sot-ukimi-shyqty-video-55944024.html
Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты (ВИДЕО)
Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды 25.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-25T18:16+0500
2025-07-25T18:16+0500
2025-07-25T18:16+0500
әнші
шоу-бизнес
шоу-бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1f/16174362_0:719:2048:1870_1920x0_80_0_0_694ec16cee4c34e205cbb824cce652ea.jpg
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 21 шілдесінде сағат 00.30 шамасында Астана қаласының халықаралық әуежайында Жұбаныш Жексенұлы жолаушы әйелге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған.Сот отырысы барысында Жұбаныш Жексенұлы құқық бұзушылық жасағанын мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын жеткізді. Жәбірленуші оқиғаның болғанын растады.ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған."Сот істің мән-жайын, құқық бұзушының құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауы мен шын жүректен өкінуін, жазаны ауырлататын мән-жайлар – құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын ескере отырып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1f/16174362_0:527:2048:2062_1920x0_80_0_0_6b3e4c86f7bbba1872545d053ab836e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әнші, шоу-бизнес, шоу-бағдарлама
әнші, шоу-бизнес, шоу-бағдарлама
Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты (ВИДЕО)
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 21 шілдесінде сағат 00.30 шамасында Астана қаласының халықаралық әуежайында Жұбаныш Жексенұлы жолаушы әйелге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған.
Сот отырысы барысында Жұбаныш Жексенұлы құқық бұзушылық жасағанын мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын жеткізді. Жәбірленуші оқиғаның болғанын растады.
"Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, құқық бұзушының түсініктемесімен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ бейнежазбамен дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.
ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.
"Сот істің мән-жайын, құқық бұзушының құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауы мен шын жүректен өкінуін, жазаны ауырлататын мән-жайлар – құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын ескере отырып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.