Аудиторлар 400 млрд теңгеден астам қаражатты бюджетке қайтарды

Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2025 жылдағы жұмыс нәтижесін жариялады.
Жыл қорытындысы бойынша, комитет 1 359 аудиторлық іс-шара өткізген. Бұл 2024 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 22%-ға аз.
Тексерулердің азайғанына қарамастан анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемі 36%-ға ұлғайып, 462,4 млрд теңгеге жетті.

"Бұл ретте 418,4 млрд теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Құқық қорғау органдарына сомасы 25,7 млрд теңге болатын аудит материалдары жіберіліп, соған сәйкес 61 қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы 4,4 трлн теңгені құрады – ЕАДБ