https://sputnik.kz/20260216/memlekettik-byudzhet-tapshylygy-44-trln-tengeni-qurady--eadb----61204322.html
Мемлекеттік бюджет тапшылығы 4,4 трлн теңгені құрады – ЕАДБ
Мемлекеттік бюджет тапшылығы 4,4 трлн теңгені құрады – ЕАДБ
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы республикалық бюджет шығысы 10,3%-ке артқан 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T14:00+0500
2026-02-16T14:00+0500
2026-02-16T14:00+0500
еаэо
мемлекеттік бюджет
https://sputnik.kz/img/07e7/07/18/36975256_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_1a8742d9424c43ec2b4fc4c45f9373a4.jpg.webp
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Еуразиялық Даму Банкі ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына жасалған апта сайынғы макро шолу қорытындысын жариялады. Қазақстандағы мемлекеттік бюджет тапшылығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 трлн теңгегні құрады, дейді банк сарапшылары. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 3,6 трлн теңге болған. Салыстыру үшін өткен жылдардағы республикалық бюджет тапшылығы көрсеткішін ұсынамыз:Әлеуметтік көмек пен білім беруге бағытталған аударымдар саны артқандықтан республикалық бюджеттің шығысы 10,3%-ке артқан. Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, биылғы жылдың қаңтарында Ресейдегі инфляция артты. Бұл негізінен бір реттік сипатта болды және қосымша құн салығы мен акциздер жоғарылап, сондай-ақ реттелетін тарифтерді индекстеумен байланысты болды, деп атап өтті ЕАДБ. ЕАДБ сарапшылары ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсарту циклінің жалғасуын күтуде, олар 2026 жылдың аяғында шамамен негізгі мөлшерлеме 13% болады деп болжап отыр.Бұған дейін Ресейдің Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа, жылдық 15,5% - ға дейін төмендетті. Бұл ретте, азық-түлік емес тауарлардың бағасы айырбас бағамының нығаюы аясында 2,5%-ке өсті. Қызмет көрсету секторында инфляция 8,2%-ке дейін жеделдеді."Тұрғын үй коммуналды қызметі тарифтерін жоспарлы өсіру мерзімін қаңтардан наурызға ауыстыру қызметтер бағасының өсуін шектеді. Базалық инфляция 7,3%-тен 6,9%-ке дейін баяулау траекториясына оралды", - деді банк сарапшылары.
https://sputnik.kz/20251218/euraziyalyq-damu-banki-qazaqstanga-rekordtyq-15-mlrd-aqsh-dollaryn-investitsiyalady-59698423.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/18/36975256_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_2f33accf4f9574ac14edc9e95c8a6e7f.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджет тапшылығы 4,4 трлн теңгені құрады – ЕАДБ
Өткен жылы республикалық бюджет шығысы 10,3%-ке артқан
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Еуразиялық Даму Банкі ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына жасалған апта сайынғы макро шолу қорытындысын жариялады.
Қазақстандағы мемлекеттік бюджет тапшылығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 трлн теңгегні құрады, дейді банк сарапшылары. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 3,6 трлн теңге болған.
"Нақты тапшылық жоспарлы деңгейден 90%, 4,9 трлн теңге болды. Кіріс бөлігі 100% орындалды. Ол 17,7% салық түсімдерінің арқасында 10,1%-ке өсті", - деп атап өтті ЕАДБ.
Салыстыру үшін өткен жылдардағы республикалық бюджет тапшылығы көрсеткішін ұсынамыз:
2020 жыл – 2,1 трлн теңге;
2021 жыл – 2,5 трлн теңге;
2022 жыл – 2,1 трлн теңге;
2023 жыл – 2,8 трлн теңге.
Әлеуметтік көмек пен білім беруге бағытталған аударымдар саны артқандықтан республикалық бюджеттің шығысы 10,3%-ке артқан.
Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, биылғы жылдың қаңтарында Ресейдегі инфляция артты. Бұл негізінен бір реттік сипатта болды және қосымша құн салығы мен акциздер жоғарылап, сондай-ақ реттелетін тарифтерді индекстеумен байланысты болды, деп атап өтті ЕАДБ.
"Сонымен қатар проинфляциялық тәуекелдер сақталады: инфляция жоғарылайды, салықтық өзгерістер мен реттелетін бағаларды түзетудің әсері жалғасады. Бұл ретте реттеуші икемділікті сақтайды және бюджеттік ережелер параметрлерін қоса алғанда, бюджеттік ұсыныстар өзгерген жағдайда саясат параметрлерін түзетуге мүмкіндік береді ", - дейді сарапшылар.
ЕАДБ сарапшылары ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсарту циклінің жалғасуын күтуде, олар 2026 жылдың аяғында шамамен негізгі мөлшерлеме 13% болады деп болжап отыр.
Бұған дейін Ресейдің Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа, жылдық 15,5% - ға дейін төмендетті.
"Бағаның өсу қарқыны екінші ай қатарынан төмендеп келеді. Азық-түлік инфляциясы 8,6%-ке дейін баяулады, бұл маусымдық көкөністер мен жемістер бағасының 4,9% - дан 3,7% - ға дейін одан әрі төмендеуіне ықпал етті ", - деп атап өтті сарапшылар.
Бұл ретте, азық-түлік емес тауарлардың бағасы айырбас бағамының нығаюы аясында 2,5%-ке өсті. Қызмет көрсету секторында инфляция 8,2%-ке дейін жеделдеді.
"Тұрғын үй коммуналды қызметі тарифтерін жоспарлы өсіру мерзімін қаңтардан наурызға ауыстыру қызметтер бағасының өсуін шектеді. Базалық инфляция 7,3%-тен 6,9%-ке дейін баяулау траекториясына оралды", - деді банк сарапшылары.