Қазақстан ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады

Тиісті заңға Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
Sputnik

АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Қазақстан ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады.
Тиісті заңға Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер, екінші жағынан, Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне 2025 жылғы маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қойылды.
ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2024 жылы шамамен 3 млрд долларды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті. Өзара саудадағы оң серпін 2025 жылға дейін жалғасты.
Келісім күшіне енгеннен кейін тарифтік преференциялар ЕАЭО елдерінен Моңғолияға экспорттың 90%-дан астамын, құны 2 млрд долларды құрайды деп күтілуде. Келісілген преференциялар Еуразиялық "бестік" елдерінің кәсіпкерлеріне жыл сайын 100 миллион долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім экспортты арттыруға мүмкіндік береді – ЕЭК