https://sputnik.kz/20260212/eaeo-men-mongoliya-arasyndagy-kelisim-eksportty-arttyruga-mumkindik-beredi--eek-61094975.html
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім экспортты арттыруға мүмкіндік береді – ЕЭК
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім экспортты арттыруға мүмкіндік береді – ЕЭК
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне 2025 жылғы маусымда Минскіде қол қойылған 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T13:48+0500
2026-02-12T13:48+0500
2026-02-12T13:48+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0b/61092107_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_236d9d813378499e36871a5018903e67.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Моңғолияның экономика және даму вице-министрі Содномдаржаа Даваасурен бастаған моңғол министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен кездесті.Кездесу барысында Уақытша сауда келісімін іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге ерекше назар аударылды.Министрдің айтуынша, құжатта бизнес-қоғамдастықтың нақты сұраныстары ескерілуі қажет. Атап айтқанда, кедендік бақылау, саудадағы техникалық кедергілер мен санитариялық және фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ электронды сауда арналарын дамыту мәселелері қамтылуға тиіс.Андрей Слепнев жоспардың негізгі міндеттерін Ресей-Моңғол іскерлік форумында таныстырды.Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісіміне 2025 жылғы маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында қол қойылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0b/61092107_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_f8d52728e8b7b19e8a6a96682e3d334a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім экспортты арттыруға мүмкіндік береді – ЕЭК
ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне 2025 жылғы маусымда Минскіде қол қойылған
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Моңғолияның экономика және даму вице-министрі Содномдаржаа Даваасурен бастаған моңғол министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен кездесті.
"Өзара іс-қимылды дамытудың негізгі драйвері – өткен жылдың жазында қол қойылған ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімі. Келісім тараптарға іс жүзінде негізгі сауда тауарларының барлығы бойынша экспортты арттыруға мүмкіндік береді", – деді Слепнев.
Кездесу барысында Уақытша сауда келісімін іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге ерекше назар аударылды.
"Бұл жоспарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін белсенді түрде ашуға бағытталған нақты іс-шаралар енгізілуге тиіс", – деді Слепнев.
Министрдің айтуынша, құжатта бизнес-қоғамдастықтың нақты сұраныстары ескерілуі қажет. Атап айтқанда, кедендік бақылау, саудадағы техникалық кедергілер мен санитариялық және фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ электронды сауда арналарын дамыту мәселелері қамтылуға тиіс.
Андрей Слепнев жоспардың негізгі міндеттерін Ресей-Моңғол іскерлік форумында таныстырды.
"Мәселелер бар және олар әрдайым оңай емес – сауданың шынымен айтарлықтай өсім көрсетуі үшін көп жұмыс атқару қажет. Бірақ біз бұл жолды моңғол серіктестерімізбен бірге жүріп өтуге және бизнеске қажетті қолдаудың барлығын көрсетуге дайынбыз", – деп түйіндеді Андрей Слепнев.
Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісіміне 2025 жылғы маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында қол қойылды.