Саясат

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады

Владимир Путин мамыр айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
"Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады", - деп жазылған хабарламада.
Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.
"Шақыру ризашылықпен қабыл алынды", - делінген хабарламада.