АЛМАТЫ, 16 ақпан - Sputnik. Астана тұрғыны көлікті онлайн сатып алмақ болып, алаяқтарға алданып қалды.
Ол шетелден автокөлік жеткізумен айналысамыз деген "делдалдармен" танысып, олардың шотына ақша аударған.
"Олар жәбірленушіні көлік сатып алуға және өзге де шығындарды өтеуге 16 млн теңге аударуға көндірген. Алаяқтар ойдан шығарылған мәліметтерді пайдаланып, келіссөздерді мессенджер арқылы жүргізген", – деп хабарлады прокуратура.
Салдарынан жәбірленуші автокөлікті ала алмаған, аударған қаражатын да қайтара алмай қалған.
Сот үкімімен кінәлілер 5 жылға және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.