АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Өйткені ауданда ұзақ уақыт бойы ауыз су жоқ.
"Бостандық ауданының бірқатар шағын аудандарында орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ұзақ уақыт болмауына және халықтың қалыпты тыныс-тіршілік жағдайының бұзылуына байланысты, 12 ақпанда әкімдік жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады", - дейді әкімдікте.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шағын аудандар тұрғындардан көптеген шағым түскен.
Аудан әкімдігі жедел әрекет ету, қажетті ресурстарды тарту және жағдайды тұрақтандыру бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау мақсатында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, дейді ведомствода.