АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Астанада жосықсыз құрылыс салушы қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Мемлекет тарапынан Астанадағы проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлінген қаражаттан 2,1 миллиард теңге жымқырылған. Жымқырған - құрылыс компаниясы.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды. Сот үкімімен кінәлі маман 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратурада.
Ол көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқармайды.
Материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.