Астанада тұрғын үй құрылысына бөлінген 2 млрд теңге жымқырылған

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Астанада жосықсыз құрылыс салушы қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Мемлекет тарапынан Астанадағы проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлінген қаражаттан 2,1 миллиард теңге жымқырылған. Жымқырған - құрылыс компаниясы.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды. Сот үкімімен кінәлі маман 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратурада.
Ол көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқармайды.
Материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Тұрғын үй құрылысына арналған қаражатты жымқырған түрік азаматы экстрадицияланды
Жаңалықтар
0