Сенатордың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Байқадамов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры қызметіне тағайындалды
Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Сенат Наурызбай Байқадамовтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Байқадамов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты оның депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бүгін сенат тиісті қаулыны қабылдады. Ал спикер Мәулен Әшімбаев әріптесіне сенаттың құрмет грамотасын табыстады.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.
Мәжіліс депутатының өкілеттілігі тоқтатылды