Сара Назарбаеваның диагнозы белгілі болды

Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған
Sputnik
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Сара Назарбаева ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Сара Назарбаева былтыр сәуірден бастап Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделген.
"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады”, - дейді Айдос Үкібай.
Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған.
Биылғы жылдың қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталған. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында, дейді Айдос Үкібай.
Сара Назарбаева ауруханадан шықты