Сара Назарбаеваның диагнозы белгілі болды

© SputnikСара Назарбаева
Сара Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Сара Назарбаева ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Сара Назарбаева былтыр сәуірден бастап Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделген.
"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады”, - дейді Айдос Үкібай.
Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған.
Биылғы жылдың қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталған. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында, дейді Айдос Үкібай.
Нурсултан Назарбаев с супругой Сарой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Сара Назарбаева ауруханадан шықты
Жаңалықтар
0