АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айындағы пітір садақаның мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін мүфтияттың төралқа мәжілісі өтті. Сол жерде пітір садақаның мөлшері бекітілді.
"Пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - дейді мүфтият мамандары.