Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегі көтерілуі мүмкін

Биылдан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 процентке көтерілді
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов лайықты зейнетақы төлеу үшін жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану шегін көтеру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде зейнетақы қорының активтері 12%-ке өсіп, 25,1 трлн теңгеге жетті. Ал қордың инвестициялық кірісі 1,8 трлн теңгені құрап отыр. Ұлттық банк ұзақмерзімді кірістілікті арттыру үшін акциялар мен балама құралдар секілді активтердің үлесін арттыруды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейі үшін алмастыру коэффициентін көтеру қажет. Бұл мерзімінен бұрын қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдатуды талап етеді",- деді Сүлейменов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетері, биылдан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 процентке көтерілді. Осылайша былтыр 30 жастағы адамның біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі 4 580 000 теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 120 000 теңгеге дейін өсіп отыр.
Зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен тіс емханалары тергеліп жатыр