https://sputnik.kz/20260106/zeynetaqy-zhinagyn-zansyz-shygaruga-komektesken-tis-emkhanalary-tergelip-zhatyr-60182108.html
Зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен тіс емханалары тергеліп жатыр
Зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен тіс емханалары тергеліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T13:35+0500
2026-01-06T13:35+0500
2026-01-06T13:35+0500
зейнетақы жинағы
тіс емханасы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/475/03/4750378_0:69:3000:1757_1920x0_80_0_0_ea69a77ff0c09945efd64e5f6641f386.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Адамдарға зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылған.Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Сонымен қатар жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген. Күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңге.Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.
https://sputnik.kz/20251212/zeynetaqy-qarazhatyn-plastikalyq-ota-ushin-paydalanuga-tyyym-salyndy-59547266.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/475/03/4750378_137:0:2868:2048_1920x0_80_0_0_6502bbec14f4784e4723487f8ee7ff63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, тіс емханасы, қылмыс
зейнетақы жинағы, тіс емханасы, қылмыс
Зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен тіс емханалары тергеліп жатыр
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Адамдарға зейнетақы жинағын заңсыз шығаруға көмектескен стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды қаржылық мониторинг
агенттігі.
Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылған.
"Бұл көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған", - дейді агенттікте.
Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сонымен қатар жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген. Күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңге.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.