АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысынан инфляция қашан төмендейтінін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2026 жылдың қаңтарында жылдық инфляция 12,2% деңгейінде болды. Үкіметтің бүгінгі отырысында президент инфляцияның бірмәнді көрсеткішке, яғни 10 проценттен қашан төмендейтінін сұрады.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы жылы инфляцияның дәлізі 9-12 процент болады деп болжанып отыр. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – биыл инфляцияны 10 проценттен төмен түсіру. Әрине, жыл қорытындысы бойынша 9 процент және одан төмен болғаны керек", - деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Тоқаев: "Жақсы, көреміз", - деп қысқа ғана қайырды.