https://sputnik.kz/20260210/tiimdi-sharalar-qabyldau-qazhet-toqaev-ukimettin-zhumysyna-baga-berdi-61051813.html
"Тиімді шаралар қабылдау қажет": президент үкіметтің жұмысына баға берді
"Тиімді шаралар қабылдау қажет": президент үкіметтің жұмысына баға берді
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T11:13+0500
2026-02-10T11:13+0500
2026-02-10T13:08+0500
үкімет
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_0:0:1620:911_1920x0_80_0_0_37ac53acbfa6bad11a5537bc463832e6.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр өткен жылдың жұмысы бойынша есеп берді. Ел экономикасын дамыту шараларының нәтижесін, сондай-ақ, өзекті проблемаларды да айтты. Премьердің баяндамасынан кейін президент үкіметтің жұмысына өз бағасын берді.Мемлекет басшысы экономиканы ырықтандыру шаралары туралы жарлықты орындау мәселесіне арнайы тоқталып, үкіметтің жұмысын сынға алды."Бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр деуге болады. Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан жарлықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ", - деді Тоқаев.Осы орайда президент мемлекеттік активтерді жекешелендіру шараларын мысал ретінде келтірді. Былтыр үкімет қазан айында жеке меншікке өтетін 473 кәсіпорынның тізімін бекіткен.Президенттің айтуынша, бүгінде бұл активтерге мемлекет бюджетінен қомақты қаражат жұмсалады. Бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейді. Сондықтан үкімет жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс.
https://sputnik.kz/20260210/salyq-reformasynyn-arqasynda-byudzhet-tapshylygy-azaydy--bektenov-61051275.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_129:0:1569:1080_1920x0_80_0_0_19fa261caf30c4cff66900e464e89581.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қасым-жомарт тоқаев
үкімет, қасым-жомарт тоқаев
"Тиімді шаралар қабылдау қажет": президент үкіметтің жұмысына баға берді
11:13 10.02.2026 (жаңартылды: 13:08 10.02.2026) Президенттің айтуынша маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр өткен жылдың жұмысы бойынша есеп берді. Ел экономикасын дамыту шараларының нәтижесін, сондай-ақ, өзекті проблемаларды да айтты. Премьердің баяндамасынан кейін президент үкіметтің жұмысына өз бағасын берді.
"Жалпы, өткен жылды табысты аяқтадық. Маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар. Сыртқы ахуал күрделі болып тұрғанын ескерсек, мұны жақсы нәтиже деуге болады. Бірақ алда жұмыс көп. Эконмикалық дамудың жаңа үлгісіне толық көшу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы экономиканы ырықтандыру шаралары туралы жарлықты орындау мәселесіне арнайы тоқталып, үкіметтің жұмысын сынға алды.
"Бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр деуге болады. Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан жарлықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент мемлекеттік активтерді жекешелендіру шараларын мысал ретінде келтірді. Былтыр үкімет қазан айында жеке меншікке өтетін 473 кәсіпорынның тізімін бекіткен.
"Бірақ активтерді саудаға шығармақ түгілі оны сатуға дайындық шараларының өзі әлі басталған жоқ. "Мемлекеттік мүлік туралы" жаңа заң да қабылданбады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бүгінде бұл активтерге мемлекет бюджетінен қомақты қаражат жұмсалады. Бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейді. Сондықтан үкімет жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс.