АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін іріктеу кезеңінде Колмаковтың өнері 76.24 ұпайға бағаланды. Осылайша қазақстандық спортшы 29 могулистің арасында 9-орынға ие болды. Ал финалға үздік он спортшы шығады.
Финалдық бәсекелер 12 ақпанда өтеді. Бұған дейін Павел Колмаков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.