Қазақстан Қытайға жаңа әуе рейсін іске қосады

Астана-Гуанчжоу жаңа бағыты қазіргі Алматы-Гуанчжоу-Алматы бағытын толықтырады
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. 2026 жылдың 2 маусымынан бастап Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа "Астана-Гуанчжоу" бағытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады компания.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері заманауи Airbus A321LR лайнерімен орындалады. Ұшу кестесі:
KC8217 Астана – Гуанчжоу: ұшу сағат 18:45-те, қону сағат 04:30-да (+1 күн), ұшу уақыты: 6 сағат 45 минут
KC8218 Гуанчжоу – Астана: ұшу сағат 05:45-те, қону сағат 10:10-да, ұшу уақыты: 7 сағат 25 минут
Екі бағытқа ұшудың эконом-кластағы ең төменгі бағасы 251 333 теңгеден, ал бизнес-класта 835 020 теңгеден басталады.
Жаңа Астана – Гуанчжоу бағыты Air Astana өткен жылдың наурыз айының соңында іске қосқан (аптасына төрт рейс) Алматы – Гуанчжоу – Алматы бағытын толықтырады.
Еске салайық, Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күнге дейін визасыз бара алады.
Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылды