https://sputnik.kz/20260210/qazaqstan-qytayga-zhana-aue-reysin-iske-qosady-61064395.html
Қазақстан Қытайға жаңа әуе рейсін іске қосады
Қазақстан Қытайға жаңа әуе рейсін іске қосады
Sputnik Қазақстан
Астана-Гуанчжоу жаңа бағыты қазіргі Алматы-Гуанчжоу-Алматы бағытын толықтырады 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T20:21+0500
2026-02-10T20:21+0500
2026-02-10T20:21+0500
астана
рейстер
қытай
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363617_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f6da631ceb7c90a08869e341b2960cf7.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. 2026 жылдың 2 маусымынан бастап Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа "Астана-Гуанчжоу" бағытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады компания.Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері заманауи Airbus A321LR лайнерімен орындалады. Ұшу кестесі:Екі бағытқа ұшудың эконом-кластағы ең төменгі бағасы 251 333 теңгеден, ал бизнес-класта 835 020 теңгеден басталады.Жаңа Астана – Гуанчжоу бағыты Air Astana өткен жылдың наурыз айының соңында іске қосқан (аптасына төрт рейс) Алматы – Гуанчжоу – Алматы бағытын толықтырады.Еске салайық, Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күнге дейін визасыз бара алады.
https://sputnik.kz/20260105/almaty-men-chendu-arasynda-tikeley-aue-reysi-ashyldy-60146762.html
астана
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363617_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8fb521baebf02ef3cc3211dacd0a1816.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, рейстер, қытай
Қазақстан Қытайға жаңа әуе рейсін іске қосады
Астана-Гуанчжоу жаңа бағыты қазіргі Алматы-Гуанчжоу-Алматы бағытын толықтырады
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. 2026 жылдың 2 маусымынан бастап Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа "Астана-Гуанчжоу" бағытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады компания.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері заманауи Airbus A321LR лайнерімен орындалады. Ұшу кестесі:
KC8217 Астана – Гуанчжоу: ұшу сағат 18:45-те, қону сағат 04:30-да (+1 күн), ұшу уақыты: 6 сағат 45 минут
KC8218 Гуанчжоу – Астана: ұшу сағат 05:45-те, қону сағат 10:10-да, ұшу уақыты: 7 сағат 25 минут
Екі бағытқа ұшудың эконом-кластағы ең төменгі бағасы 251 333 теңгеден, ал бизнес-класта 835 020 теңгеден басталады.
Жаңа Астана – Гуанчжоу бағыты Air Astana өткен жылдың наурыз айының соңында іске қосқан (аптасына төрт рейс) Алматы – Гуанчжоу – Алматы бағытын толықтырады.
Еске салайық, Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күнге дейін визасыз бара алады.