АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Экс-президенттің жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Назарбаева биыл қаңтар айында амбулаториялық емдеуге шығарылған, яғни ем қабылдағаннан кейін үйіне жіберілген.
"Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге ақпарат Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Сара Назарбаеваның дәл сол ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тараған болатын. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бәрін жоққа шығарған.