https://sputnik.kz/20251017/aydos-ukibay-sara-nazarbaevanyn-qayda-ekenin-zhariyalady-57989990.html
"Ем қабылдап жатыр": Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайда екенін айтты
"Ем қабылдап жатыр": Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайда екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Биыл мамырдың ортасында да Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T13:27+0500
2025-10-17T13:27+0500
2025-10-17T13:28+0500
президент
сара назарбаева
нұрсұлтан назарбаевтың денсаулығы
https://sputnik.kz/img/old/1103/19/11031992_174:90:1154:641_1920x0_80_0_0_617e6fb3efd4b786ccde37d0e91e9558.jpg
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваға қатысты таралып жатқан ақпаратқа түсініктеме берді.Ол соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жатқанын айтты.Ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырды.Еске салайық, биыл мамырдың ортасында да Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады. Ол кезде де Айдос Үкібай бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20241227/sara-nazarbaevanyn-qaytys-bolgany-turaly-aqparat-zhalgan-bolyp-shyqty-49606618.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1103/19/11031992_246:77:1143:750_1920x0_80_0_0_e24cb5c7636397602e0b2f7d56fc91ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, сара назарбаева, нұрсұлтан назарбаевтың денсаулығы
президент, сара назарбаева, нұрсұлтан назарбаевтың денсаулығы
"Ем қабылдап жатыр": Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайда екенін айтты
13:27 17.10.2025 (жаңартылды: 13:28 17.10.2025) Биыл мамырдың ортасында да Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваға қатысты таралып жатқан ақпаратқа
түсініктеме берді.
Ол соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жатқанын айтты.
"Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуір айынан бері Сара Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылып жатыр", - деп жазды Үкібай.
Ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырды.
Еске салайық, биыл мамырдың ортасында да Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады. Ол кезде де Айдос Үкібай бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын
хабарлады.